«Қоғамға қызмет ету» волонтерлік акциясы

01.10.2025

Қарттар күні қарсаңында «Қамқор» жобасын іске асыру шеңберінде «Қоғамға қызмет ету» атты волонтерлік акция өткізілді. КМҚК «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» педагогтері мен студенттері ілтипат пен қамқорлық танытып, зейнеткерлер — Б. Баймендина мен Б. Касеновтың шаңырағына барды.

Жастар тұрмыстық шаруаларға көмектесіп, үй іргесіндегі аула аумағын қоқыстан тазартты. Мұндай шаралардың құны өлшеусіз, өйткені ілтипат пен мейірім жүректі жылытады. Сезімталдықтары мен жасаған игі істері үшін колледждің студенттік парламенті мен еріктілеріне алғыс айтамыз!



Текст
Виртуальная приемная